22.06.2015, 17:43
Оқылды: 36

Ақжол, саған жас түлек!

Sirim Akjol sagan jas tylek  Сырым ауданының орталығында мектеп бітіруші түлектердің «Ақжол» салтанатты балы өтті. Ауданның жас түлектерін аудан әкімі Абат Шыныбеков құттықтады.

-        Бүгінгі күн – 11 жыл бойы білімнен бас алмай, ата – анасы мен ұстаздардың сенімін арқалап, өз тағдырлары үшін аса жауапты жолға аттанған мектеп бітірушілердің қадамына құт, жолына сәт – сапар, ниеттеріне береке тілейтін күн.Бүгін – ұрпақ тәрбиесіндегі тынымсыз еңбегі үшін ата  - ана мен мұғалімге алғыс айтатын күн.

Биыл Сырым ауданы бойынша 239 оқушы мектеп бітірді. Олардың ішінде 8 бірдей түлек «Алтын белгі» білім сапасына ие болды. Мектеп бітірушілердің бұл мәртебелі белгісін салтанатты түрде аудан әкімі Абат Шыныбеков тапсырды.

Мектеп бітіруші түлектердің «Ақжол» салтанатты балы дәстүрлі вальспен жалғасты.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале