7.08.2015, 16:50
Оқылды: 28

Ақмаржан ақын Зеленовта

Zelenov Akmarjan akin Бүгін Қасым Аманжолов атындағы мектепте ақын, Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, «Жайық ұстазы» газетінің бас редакторы Ақмаржан Таубаева қонақта болды. Бұл - көсем сөз бен өлең сөзді тең ұстаған жанның ауданымызға алғашқа рет келуі.

Ақмаржан Таубаева  1958 жылы 17 қарашада Теректі ауданы, Қандық ауылында дүниеге келген. Туған ауылының топырағына алаңсыз аунап өскен қыз мектеп қабырғасында жүрген кезден-ақ өлең өлкесіне құлаш ұрған. Қабырға газеттерінде жарияланған тырнақалды туындыларынан-ақ ұстаздары мен достары оны ақын деп танып, таланты мен дарынын сөзсіз мойындайды. Қолынан қаламы ажырамаған Ақмаржан ақынның «Жайықтың ақ самалы», «Нұр апасы – Жайықтың», «Ұстаз –аналар ұлағаты», «Өмір өрнектері», «Қалдырған ізің мәңгілік», «Асыл арқау», «Ұстаздар ұстаханасы» кітаптары оқырманға жол тартқан.

Жүздесу барысында ақын өмірден көріп-біліп, түйгендерінен салихалы әңгіме өрбітіп, рухани әпкесі ақын Фариза туралы естеліктерімен бөлісіп, төлқұжаты іспетті «Ауылға хат» өлеңін тебірене оқып берді. Тыңдарманын қарапайымдылығымен баурап  алған ұстазбен болған кездесу керемет әсер қалдырды.

Ақынның замандастары мен ұстаздар бас қосқан кездесуде аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Талшынай Жүнісова сөз алып кеш куәгеріне шығармашылық табыс тілесе, білім беру бөлімі басшысының орынбасары Айгүл Серғазиева мейманға аудан әкімінің алғыс хаты мен гүл шоқтарын табыстады.

Жиын соңында Ақмаржан Бақытқызы ақ ниетті қауымға ризашылығын білдіріп, қызы Әнару ән шырқады.

www.zhaikpress.kz

Динара Тілекқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале