18.05.2015, 17:50
Оқылды: 37

Ақобадағы жас балуандар айқасы

Жәнібек ауданы Ақоба ауылында қазақша күрестен 1998-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында даңқты жерлесіміз, Ұлы Отан соғысында  полк комиссары болған Хаби Халиуллинді еске алуға арналған турнир оздырылды. Спорттық шараны өткізуге мүдделілік танытқан Ақоба ауылдық округінің әкімі Рауан Рахметуллин демеушілік жасаған «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігіне ризашылық білдірсе, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Мөлдір Әбдірешева сөз сөйлеп, жас ұрпаққа саламатты өмір салтын насихаттау, достастық дәнекерін бекіту басты мақсат екенін атап өтті.

Ауыл ақсақалы Сапиолла Хабиев жыл ішіндегі атаулы мерекелерге орай ұлттық құндылықтардың қадіріне жете білу қажет екенін айтты. Х.Халиуллин атындағы орта мектептің 8-сынып оқушысы Ақсұңқар Қайырғалиева жарыс құрметіне ән әуелетті.Турнирге ауданымыздың Ақоба, Жақсыбай, Жәнібек, Тау, Күйгенкөл, Ұзынкөл және Қазталов аудандарының Көктерек, Тереңкөл ауылдық округтерінен келген командалар қатысты. Спорт алаңындағы боз кілемде белдескен балуандар өнерін ақобалықтар ашық аспан астында тамашалады.

Турнир нәтижесінде жүлделі орын алғандар: 46 келі салмақ дәрежесінде: 1.Нұрбай Рахымжанов (Қазталов ауданы, Тереңкөл); 2. Еркебұлан Ерсайынов (Қазталов ауданы, Тереңкөл); 3. Батырхан Нәсиев (Ақоба). 50 келі: 1.Бекарыс Бейбітұлы (Ақоба); 2. Мамай Төреғалиев (Қазталов ауданы, Көктерек); 3. Сержан Лұқпанов (Қазталов ауданы, Көктерек ауылы). 55 келі: 1. Шора Нонақ (Қазталов ауданы, Көктерек); 2. Шыңғыс Еділбаев (Ақоба); 3. Төлеген Мүтиғоллин (Қазталов ауданы, Көктерек). 60 келі: 1.Боранбай Долланов (Қазталов ауданы, Тереңкөл); 2.Төрехан Нәсиев (Ақоба); 3. Асылхан Жолдыбаев (Ақоба). 65+ келі: 1.Бекайдар Меңдешев (Қазталов ауданы, Көктерек); 2.Мағжан Карин (Ақоба); Рауан Сәриев (Жақсыбай). 68 келі: 1.Нұрәділ Мұстақ (Ақоба); 2.Азамат Каташев (Жәнібек); 3. Нұрболат Әбекенов (Тау).  Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ауылдық мәдениет үйінде  салтанатты түрде дипломдармен марапатталып, оларға сый-сияпаттар табысталды.

www.zhaikpress.kz

Нұртай ТЕКЕБАЕВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале