17.06.2015, 20:14
Оқылды: 19

Ақоба ауылында «Болашақ» демалыс лагері ашылды

Bakitti balalik Жәнібек ауданы, Ақоба ауылындағы жалпы білім беретін Х.Халиуллин атындағы орта мектеп жанынан «Болашақ» демалыс лагері ашылып, балалардың жазғы демалысын жақсы өткізуі үшін барлық жағдай жасалған. Туған ауылындағы өздері қанат қаққан білім ордасына тәжірибеден өтуге бір топ студент, ертеңгі жас мамандар да келді. Солардың бірі – осы мектептің шәкірті, болашақ музыка пәнінің мұғалімі Ақбаян Карина. Машықкер келген бойда өзінің мамандығына деген құрметін, балалармен жұмыс істеуге деген құлшынысын байқатты. Оған дәлел Ақбаянның ұйымдастыруымен өткен «Лагерь аруы – 2015» байқауы. Байқау таныстыру, білім сайысы, өз өнерлерін ортаға салу, сән үлгісін көрсету кезеңдерінен тұрды. Балалар қойылған сұрақтарға дұрыс жауап беріп, ән айтып, би биледі. Сән үлгісінде жаз мезгілінде киілетін киім түрлерін көрсетті.

Байқау қорытындысы бойынша Сабина Қанат «Лагерь аруы-2015» аталымын жеңіп алса, 1-орынды Ақмарал Қуанова, 2-орынды Нұрсезім Нұғыманова, 3-орынды Айдана Болат иемденді. Балалар өздеріне тамаша көңіл-күй сыйлаған апайларына дән риза болды.

www.zhaikpress.kz

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале