15.02.2016, 17:34
Оқылды: 23

Ақпанның аяғында іске қосуға уәде берді

????????????????????????????????????

 Бүгін облыс әкімінің орынбасары  Нариман Төреғалиев бастаған бір топ делегация ауданымызға арнайы келіп «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы іске асырылып жатқан Орал-Тасқала-Озинки күре жолының жұмысымен танысты.


Естеріңізде болса өткен аптада  облыс басшысы Нұрлан Ноғаевтың  аталмыш жолдың жұмысына көңілі толмағанын,  әсіресе, көктемгі су тасқыны кезінде мемлкеттік маңызы бар күре жолдың ауылға қауіп төндіретін тұстарының  әлі де бар екенін ескеріп, оны жақын арада іске қосу жөнінде  жауапты мамандарға тапсырма бергенін айтқан болатынбыз.

Бүгін сол жұмыстың орындалу барысын «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ басқармасының төрағасы  Ермек Қизатов та   өз көзімен көрді.

– Біздің бүгінгі таңдағы негізгі мақсатымыз ауа-рай қолайсыз көктем мезгілдерінде тұрғындардың мемлекетаралық, қалааралық қатынастарына қолайсыздық туғызбайтындай жағдай жасауымыз қажет. Мәселе барлық құбырларды бір мезетте қазып тастағандықтан туындап отыр. Сол себепті осыдан бірнеше күн бұрын ауа-райы күрт  жылынып, толассыз жауған жаңбырдың әсерінен айналма жолмен жүрудің өзі мұң болды. Әрине,  техникалық себептерге байланысты жұмыс та  ұзаңқырап кетті. Соның салдарынан  жүргіншілер де біраз азап шекті. Бірақ, осы соңғы аптада жөндеу жұмыстары қарқын ала бастады. Сондықтан наурызға дейін жол мәселесі бірыңғайланады деген сенімдеміз,- деді аудан әкімі Санжар Әлиев.  Одан әрі облыстық делегацияны  «Uniserv» ЖШС директорының орынбасары В.Цой салынып жатқан жолдың сапасымен және атқарылып жатқан  жұмыс жоспарымен таныстырды.

– Облыс әкімінің берген тапсырмасына орай жауапты мердігерлер бірден іске кірісіп, соның нәтижесінде ашық тұрған үш участкенің бүгінгі күні екеуі толықтай жабылды, - деді «ҚазАвтоЖол» ҰҚ АҚ басқармасының төрағасы  Ермек Әнуарбекұлы. Санаулы күндерден соң бұл жұмыста толықтай аяқталып, айналма жолдың азабын тартқан барлық жолаушылар наурыз айының бірінен бастап жаңа жолмен жүретіндеріне толықтай кепіл бола алатынын айтты.

Осылайша құрылыс жұмыстарына жауапты мердігерлер ақпанның аяғына дейін жөндеу жұмыстарын түгелдей аяқтап,  тас жолды іске қосуға уәде берді.

www.zhaikpress.kz

Назгүл Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале