20.06.2016, 10:47
Оқылды: 20

Ақпараттық  насихатшы топ - Қаратөбеде

????????????????????????????????????

 Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, жастардың патриоттық сезімдерін нығайту, сонымен қатар теріс діни ағымдар ықпалынан жастарды сақтандыру, дін туралы түсінік жұмыстарын жүргізу  мақсатында  облыстың  Ақжайық, Жаңақала, Сырым  аударында болып,  Қаратөбеге ат басын тіреген облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы  Саялбек Ғиззатов бастаған облыстық ақпараттық насихаттаушы топ  маусымның 17-сі күні аудандық мәслихаттың мәжіліс залында  алқалы жиын өткізді.


Жиынды  аудан әкімінің орынбасары Сатқан Өмірзақов жүргізіп отырды.

Отырыстың күн тәртібінде  экстремистік ұйымдар мен ағымдар әрекетінің негізгі принциптері  мен тәсілдері,  дәстүрлі және әлемдік діндердің жалпы сипаттары, діни экстремизмнің пайда болу себептері мен негізгі сипаттары және қарсы тұру амалдары  сынды өзекті мәселелер талқыланды.

Шара барысында Батыс Қазақстан  облыстық Дін істері басқармасының бөлім басшысы  Саялбек Ғиззатов,   аталмыш басқарманың теолог маманы Бауыржан Қожагелдиев, Орал қаласы орталық мешітінің ардагерлер кеңесінің төрағасы Нәдір Абдукаев, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының  аға прокуроры Бақтығали Ниязов   діни сауаттылықты арттыру, отбасындағы тәрбие, мессионерлердің қызметі, теріс діни ағымдағы топтардың ықпалынан жастарды  сақтандыру, ислам дінінің маңызы туралы,  дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға ықпал етіп отырған кері әсерлері, Дін туралы заңның қолданыс аясы турасында әңгімелеп, Дін туралы заңға өзгерістер енгізу туралы қаратөбеліктердің ұсыныстарын тыңдады.

Отырыста ауыл тұрғындары  Әди Мызагерей, Нәжім Дәулетов, Нұрлан Меңдешовтердің қойған сауалдарына сай  насихатшы топ жетекшісі Саялбек Махамбетұлы мен теолог маман Бауыржан Қожагелдиев түсініктер берді.

www.zhaikpress.kz

                                                                          Ерболат РАЙСОВ

                                                                           Қаратөбе ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале