26.02.2016, 14:24
Оқылды: 38

Ақпараттық технология қаншама өркендесе де, кітаптың аты – кітап

????????????????????????????????????

Ақпараттық технология қаншама өркендесе де әрине, адамзат ғұмырын кітапсыз елестету мүмікн емес. Кітап – адамзаттың көне замандардан келе жатқан жолаушысы, серігі, парасатты ұстазы, адал досы, тарихтың шынайы куәсі. Мың шыңдықтың осы бір ақиқатын биік ұстау Ақжайық ауданының рухани тынысында басты назардан түскен емес.


Әдебиетке сүйіспеншілік әлбетте, адамның балауса кезінен басталады. Сондықтан ауданда ұл-қызды рухани байлықпен достастыру жөнінде тың ізденістер өрісін кеңейтуде. Орталық модельді балалар кітапханасында дәстүрге айналған «Кітап оқу әлеміне алғашқы қадам» атты саяхат соның бірі болып табылады. Ұл-қыздарды, қыз-жігіттерді кітап қорымен таныстыра отырып, олардың оқу-танымдық қабілетін ояту мақсатындағы бұл шараға келгендердің қатары қалың болды. Саяхат барысында жас оқырмандар кітапхананың пайдалану ережесімен, балаларға арналған «Айгөлек», «Балдырған», «Мөлдір бұлақ», «Бала би», Ақжелкен», «Ұлан», «Дружные ребята» атты мерзімді басылымдарымен жан-жақты танысып, «Тәуелсіздік», «Қазақ Елі» атты монументі кітап инсталяциясын тамашалады.

Тамаша шара абонемент бөлімінде жалғасты «Әже, оқып берші» бұрышымен таныса отырып, меймандар «Сөйлейтін қалам» электронды кітапқа, «Дауысқа құлақ сал» сериясымен шыққан аудио кітаптарға аса қызығушылықпен аназар аударып, сұрақтарына жауаптар алды. Сосын жаңа оқырмандар кітапханаға тіркеліп, олардың әрбіріне формуляр ашылды.

Сосын 2015 жылдың үздік оқырмандарын анықтау мақсатында бенефис шоу өткізілді.

«2015 жылдың жыл оқырманы» аталымына аудандық орталық кітапхананың тұрақты оқырманы, еңбек ардагері, зейнеткер ұстаз Балым Хамзина және орталық модельді балалар кітапханасының оқырманы Әсел Абсалямова ие болды. Айталық Б.Хамзина былтыр 118 кітап оқыса, Әсел Абсалямова 117 кітап оқыған. Олар кітапханалар өткізетін барлық мәдени-көпшілік шараның белсене қатысушылары болып табылатынын да кітапханашылар қошеметпен баяндады.

«Иә, тіршілікті кітапсыз көзге елестету мүмкін емес. Мен мұны орайы келгенде жұрт арасында ұдайы айтып жүрмін. Кітаптың аты – кітап»,- деген лебізін айтқан Балым апаның отбасы мүшелері, құрбы-құрдастары, шәкірттері, бұрын қызметтес болған ауыл тұрғындары, Әсел Абсалямованың ата-анасы, ата-әжесі, ұстаздары, сыныптастыры үздік оқырмандар туралы ойларын ортаға салды. Музыка мектебінің оқытушылары мен шәкірттері әннен шашу шашып, қалың жұрт «Менің сүйікті кітаптарым» атты кітап көрмесімен таныстырылды.

www.zhaikpress.kz

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале