22.07.2015, 18:35
Оқылды: 16

Ақпарат саласының үздігі

Akparat almas Yldai apa    Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Орал өңірі» газетінің, республикалық «Жас қазақ» ұлттық апталық газетінің тілшісі Ұлдай Сариева Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ғимаратында өткен салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен бастаған бірқатар сала басшылары қатысты.

-Еліміздегі ақпараттық саясатты жүзеге асыру бағытында өзекті тақырыптағы мақалаларыңыз көптеген баспасөз бетіне жариялануда. Дін істері, құқық қорғау саласы төңірегіндегі өткір туындыларыңыз республикалық деңгейде талқыланады. Оның барлығы қайратты да, қажырлы еңбегіңіздің нәтежесі деп білеміз. Барша «Жайық Пресс» ұжымы атынан адал еңбегіңіздің әділ бағалануымен құттықтаймын - деді марапат иесі қызмет атқаратын «Жайық Пресс» ЖШС директоры Жантас Сафуллин.

Сонымен қатар салтанатты шарада Президент сайлауында белсенділік танытқаны үшін Людмила Щукинаға Елбасымыздың алғысхаты табыс етілді. Қос марапат иесін дін істер басқармасы, прокуратура, ішкі істер басқармасы өкілдері және бір топ әріптестері құттықтап, гүл шоқтарын табыс етті.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ЗӘКӘРИЯҰЛЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале