2.03.2016, 10:15
Оқылды: 20

Ақсайда Алғыс айту күні аталып өтілді

Borli Algiska toli kyn   Биыл елімізде алғаш рет 1 наурыз – Алғыс айту күні аталып өтілді. Айтулы күнге арналған мерекелік шара Ақсай қаласында Жеңіс алаңында бастау алды. Бөрлі ауданы әкімінің орынбасары А.Сафималиев, Ұлы Отан соғысы ардагерлері О. Күмісқалиев пен М.Панченко, И.Коновалов, аудандық мәслихат хатшысы Ә.Куликешев пен аудандық ҰОС және еңбек ардагерлері кеңесінің төрағасы С.Мырзағалиевтер Ұлы Отан соғысында қаза тапқан бөрлілік жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, Отан үшін от кешіп, опат болған майдангерлердің рухына тағзым етті. Сондай-ақ Наурыз саябағында орналасқан ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлерге арналған және Чернобыль атом стансасындағы апатты жоюшыларға арналған ескерткіштерге де гүл шоқтары қойылды.


Мінберге шыққан шешен халқының өкілі, репрессия жылдары қазақ жеріне қоныс аударған М. Бокаев шешен және ингуш халқы атынан қазақ халқына алғысын білдірді. Сондай-ақ әзірбайжан этно-мәдени бірлестігінің төрағасы А.Агаев пен  Орал епархиясының «Серафим Саровский шіркеуі» приходы иерейі Д.Носков ел халқының татулығы мен бірлігі туралы сөз қозғап, мерекелік лебіздерін айтты. Бөрлілік жастар атынан сөз сөйлеген «Ақсай жастары» ЖҚБ төрайымы А.Имашева ҰОС ардагерлері мен тәуелсіз еліміздің қарыштап дамуы жолында еңбек еткен аға буынға алғыс білдірді.

Мерекелік шара барысында А.Сафималиев Елбасы Н.Назарбаевтың 2016 жылғы 27 қаңтардағы №184 Жарлығына сәйкес көп балалы ана Канзия Шакеноваға «Алтын алқа» табыс етті. Сонымен қатар жиынның қадірлі қонақтары болған ҰОС ардагерлері О.Күмісқалиев, И.Коновалов және М.Панченколарға аудан әкімінің алғыс хатын табыс етті. Аудан басшысының алғыс хаты ауданымыздағы барлық Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне табысталмақ. Сонымен қатар мұндай алғыс хатпен ауданымыздың өркендеуі жолында әр салада еңбек етіп жүрген бірнеше адам марапатталды. Олардың қатарында аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы С.Мырзағалиев, еңбек ардагері С.Нынкиев, аудандық соттың судьясы Л.Шамгонова, Березов ауылдық округінің жетекші маманы Қ.Жиенбаева, тағы да басқалар бар.

www.zhaikpress.kz

Ясипа РАБАЕВА

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале