9.08.2016, 12:50
Оқылды: 26

Ақсайда газ құю стансасындағы жарылыстан зардап шеккен тұрғынның бірі көз жұмды

Кеше кешкісін Ақсай қаласындағы газ құю стансасында болған жарылыстан зардап шеккен, денесін 75 пайыз күйік шалған 1958 жылғы тұрғын Бөрлі аудандық орталық ауруханасында көз жұмды.


ZH-350x35011

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы медициналық көмек көрсету бөлімінің бас маманы Ғалия Құлмұханованың айтуынша, денесін 95 пайыз күйік шалған екіншісі (1957 жылғы) әлі жансақтау бөлімінде
жасанды дем алу аппаратына қосылулы.

Санавиациямен барған мамандардың көмегімен қолдан келген емнің бәрі жасалуда. Жағдайы аса ауыр болғандықтан, облыстық ауруханаға тасымалдауға келмейді.

Еске сала кетейік, 4 тамыз күні Ақсай қаласындағы газ құю стансасында жарылыс болып, өрттен екі ер адам зардап шеккен болатын.

Елжан Ералы

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале