8.06.2016, 11:43
Оқылды: 30

«Ақсайда тегін дүкен ашылды»

Borli tegin dyken ashildi         Қасиетті Рамазан айының 1-ші күніБөрлі ауданы Ақсай қаласында «Аяла» қайырымдылық дүкені ашылды.

         Қазір облысымызда жастар ресурстық орталықтарының бастамасымен «100 нақты көмек» жобасы қолға алынып, белсенді түрде жастарды әлеуметтендіруге бағытталған жұмыстар жүргізіп келеді.


         «Аяла» қайырымдылық дүкені де осы жоба аясында Бөрлі аудандық жастар ресурстық орталығының күшімен қолға алынып, көмекке мүқтаж жандарды тегін киім-кешекпен, азық-түлікпен қамту мақсатында ашылып отыр.

         Дүкеннің ашылуына аудандағы қайырымдылықпен тұрақты түрде айналысып келе жатқан кәсіпкерлер және қазір көпшілікке белгілі «Патриот» спорт клубы» қоғамдық қоры атсалысты. Қайырымдылық дүкенінің ашылу салтанатына Бөрлі ауданының әкімі Халелов Алдияр Сансызбайұлы, аудандық мешіттің бас имамы Абдрахманов Мейрамбек Ақылбекұлы, ішкі саясат бөлімінің басшысы Исмагулова Ақмарал Қуандыққызы арнайы келіп қатысып, сөз сөйледі.

   Дүкен әр аптаның дүйсенбі-сәрсенбі-жұма күндері кешкі сағат 17.00-18.30 аралығында Ақсай қаласы, 10 шағынаудан, 12 үйде жұмыс жасайды.

    Барша Ақсай қаласы тұрғындарының назарына! Қайырымдылықпен айналысып, заттай немес ақшалай көмек көрсеткілеріңіз келсе, «Аяла» қайырымдылық дүкеніне келіп тапсыруларыңызға болады.

 www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале