17.09.2015, 16:01
Оқылды: 28

Ақсайда Ғ. Жәңгіров атындағы саябақта мерекелік шара өтті

Borli otbasi   2013 жылы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Заңға өзгертулер енгізу жөніндегі Жарлығына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі — Отбасы күні болып бекітілген болатын. Осы айтулы күнге орай Ғ. Жәңгіров атындағы саябақта мерекелік шара өтті.

Мемлекеттің ажырамас бір бөлшегі саналатын отбасының қоғамда алатын өзінідік маңызы мен мәні зор, рөлі қашанда жоғары. Бұл туралы Елбасы «Отбасы – Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі. Отбасы күні осы ұлағатты мұраларымызды нығайтып, жұбайлық өмірдің жауапкершілігі мен балаларға, аға буынға ұдайы қамқор болудың маңыздылығын жастардың жадына сіңіре бермек» деп атап өткен болатын.

Қала әкімі Жеткін Ермұханов мерекелік лебізін білдіріп, әр отбасының амандығын, береке-бірлігін тіледі. Сонымен бірге республикалық «Мерейлі отбасы» байқауына қатысқан Нұртас Ибрашевтың, аудандық «Оқырман отбасы» байқауының жеңімпазы Ескендір Аменовтың, облыстық спорттық шаралардың жеңімпазы болған Ержан Масалимовтың отбасыларына да құрмет көрсетілді. Облыстық және аудандық мәдени шараларға белсенді қатысып, облыстық «Мөлдір бұлақ» фестивалінің дипломанты атанған Нұрхат және Дәурия Құсайыновтардың отбасы да сахна төрінен көрінді.

Осы мерекелік шараны ұйымдастырған «Бастамашыл әйелдер» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дариға Нұрашева мерекелік лебізін білдірді. Бұл шарада аудандық демалу орталығының өнерпаздарымен қатар, мерейтой иелері де ән салып, көрермендерге көңілді кеш сыйлады.

www.zhaikpress.kz

Ясипа РАБАЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале