8.07.2015, 10:39
Оқылды: 22

Ақсай қаласында «Домбыра Party» қоғамдық шарасы болып өтті

Aksai dombira patti   Елорда күні мерекесіне орай Ақсай қаласындағы «Жарсуат» сауда үйінде «Домбыра Party» қоғамдық шарасы болып өтті.

Ақсай шаһарын ән мен күйге бөлеген бұл шара алғаш өтіп тұрған жоқ. Қала тұрғындары мен қонақтарына тамаша тарту жасап, таң қалдырып, таңдай қақтырған бұл шара өңірімізде ұдайы өткізіліп келеді.

Ержан Кемелханов жетекшілік ететін  «Тарлан» ЖҚБ мен Айғали Иралиев жетекшілік ететін аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурыстық орталығы ұйымдастырған шарада қазақтың қара домбырасынан күй төгіліп, дәстүрлі әннен шашу шашты.

Ауданымыздың әр ауылынан келген Жәнібек Тілепбаев, Тұрар Искалиев, Шыңғыс Андыбаев, Бауыржан Мухтыбаев, Әділ Қуанышқалиев, Талғат Жупиеевтер мен аудандық демалу орталығының жезтандай әншілері Мұхит Бірәнов пен Қамбар Жылқыбаевтардың өнеріне жиналғандар тәнті болды.

Құрманғазы мен Динаның, Махамбет пен Дәулеткерейдің күйлерін тамаша орындағандардың ішінде 10 жасар Әділ Қуанышқалиевте болды.

www.zhaikpress.kz

Айым ҒАБДЫЛБАРҚЫЗЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале