23.09.2016, 12:51
Оқылды: 14

Ақсай қаласында 320 орындық балабақша салынуда

aksay-detsadБөрлі ауданына жұмыс сапарымен барған өңір басшысы Алтай Көлгінов Ақсай қаласында салынып жатқан 320 орындық балабақша құрылысына ат басын бұрды.


Құрылысты "УральскСтройИнвест" ЖШС жүргізуде. Жоспар бойынша, ғимарат келесі жылы қаңтар айында пайдалануға берілмек.

Серіктестік директоры Алексей Безьянов облыс əкімі Алтай Көлгіновке құрылыс барысын баяндады. Ғимарат еңсе тіктеп үлгерген. Енді жұмысшылар сылау, терезе қондыру қамына кірісіпті. Материал жеткілікті.

"Бұл бөбекжай - Тəуелсіздігіміздің 25 жылдығында тұрғындарға тамаша тарту болмақ," - деді облыс басшысы Алтай Сейдірұлы ризашылық білдіріп.

Нұртай Текебаев

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале