28.10.2015, 15:18
Оқылды: 22

Ақсақалдар алқасымен кездесті

алкаБүгін Қазталов ауданының әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылында болып, ауданымыздың ардақты ақсақалдары, ардагерлер қауымымен кездесті. Кездесуге аудандық мәслихат хатшысы Еркін Ғазизов, аудандық мәслихат депутаттары, Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин қатысты.

Жиында 2010 жылы құрылған, құрамында 14 мүшесі бар ақсақалдар алқасының төрағасы Әлібек Қоңырбайұлы атқарылған жұмыстар жайында айтып, жаңадан төраға сайлауды өтінді. Көпшіліктің ұйғарымымен аудандық ақсақалдар алқасының төрағасы болып Нағым Ризуанов сайланды.

Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, зейнеткерлер Есімхан Меңешев, Тұрақбай Дүйсеновтер сөз сөйлеп, жаңа төрағаға сәттілік тіледі. Сонымен қатар ақсақалдар алақасының мүшелігіне Ғилым Едекешев тіркелді.

Кездесуде ақсақалдар толғандырып жүрген мәселелерін айтып, соның ішінде ауыз су, тағы да басқа мәселелерді сөз етті. Ұсыныстарды ықыласпен тыңдаған аудан басшысы көтерілген мәселелердің өз кезегінде шешілетіндігін айтып, ақсақалдарға алғысын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИҰЛЫ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале