9.09.2015, 12:08
Оқылды: 77

Ақсақалдар алқасының төрағасы сайланды

Shingirlau aksakaldar alkasi  Қыркүйек айының 8-жұлдызында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының мәжіліс залында  Шыңғырлау ауылдық  округі бойынша ақсақалдар алқасының  есеп- беру ,сайлау жиыны өтті.

Жиында  ақсақалдар  алқасы төрағасының міндетін  атқарып келген  Сабыр Сәмиевтың жылдық есебі тыңдалып, сонымен қатар оның өтініші бойынша жаңадан төраға сайлау ұсынысқа енгізілді.

Отырысты жүргізіп, өз  ойын ортаға салған  округ әкімінің орынбасары  Қуаныш Исқалиев жиналғандардың ұсыныстарын  дауысқа салды.

Көпшіліктің ұсынысы бойынша   ақсақалдар алқасының төрағасы болып Имашев Сағынғали  Бисенғалиұлы сайланды.

Жиында   «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Светлана  Бәйтенова және  ауыл тұрғындары,зейнеткерлер Ғалым Байменов,Жалғасбай Жұмағалиев сөз сөйлеп, жаңа төрағаға сәттілік тіледі.

Жиын соңында Қуаныш Исқалиев хабарлама жасап,барлығын сенбі күні өтетін ауылшаруашылық жәрмеңкесіне қатысуға және ауданның қоғамдық жұмыстарына   белсенділікпен ат салысуға  шақырды.

www.zhaikpress.kz

Айсұлу  Амангелдіқызы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале