13.05.2016, 13:14
Оқылды: 37

Ақсуаттағы дүбірлі той

Shingirlau Aksuat     Шыңғырлау ауданының Қарағаш ауылдық округіне қарасты Ақсуат ауылында Ұлы Жеңістің 71 жылдығына, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ауыл азаматтарының ұйымдастыруымен «Ұлы Жеңіске мың тағзым!» атты іс-шара ұйымдастырылды.  Шарада құттықтау сөздер арналып, тыл  ардагерлері Ақсұлу  мен  Бәтима әжелер округ әкімі Д. Қуанышқалиевтің алғыс хатымен марапатталып, шағын сыйлықтар табыс етілді.


   Ауылдық клуб пен  Ақсуат НМ-нің бірлесуімен шағын мерекелік концерт ұйымдастырылды. Мектеп түлектері  ән- жырды төгіп, мәнерлеп  өлең оқыса, мектеп ұжымы «Кекті бала» драмасын сахнда сомдап шықты.  Бұдан соң аламан бәйге, жаяу жарыс, гір тасын көтеру, арқан тартыс, еркін күрес, кермеге тартылу сынды спорттық шаралар оздырылды. Шараға Жосалы, Бұлдырты, Шалғын, Қарақұдық, Былқылдақ көрші ауыл  халқы ағылып, қызықты жарыстарды тамашалады.

    Жұрт аламан бәйгеге тұлпарларын қосып жүлделі орындарға ие болды.

   І орынды- Бұлдырты, ІІ орынды- Тамды, ІІІ орынды- Қарақұдық елді- мекендерінің жүйріктері иеленді. Жаяу жарыстан ауыл мектебінің мақтанышы, қазіргі таңда түрік лицейінің оқушысы Таңатар Есенов алда келді. Еркін күрестен ауыл тұрғыны Қазбек Алмағамбетов қарсыластарынан басым түсті.

    Береке - бірлігі жарасқан, ынтымағы ұйысқан ауыл халқының дүбірлі тойы өз дәрежесінде өтіп, Ұлы жеңістің даңқын асырғандай болды.

www.zhaikpress.kz

 М. ИРАЛИЕВА

Ақсуат ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале