16.03.2016, 19:15
Оқылды: 28

Ақтөбе жеңімпаз атанды

Aktobe 4empion   Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қарсаңында ауданымызда түрлі шаралар оздырылып, игі бастамалар қолға алынуда.

Бұл жақсылықтар спорт саласында айналып өткен жоқ. Бөрлі ауданында қазақ күресін дамыту, жастарды спортқа баулу, еліміздің басты мерекесін тойлау мақсатында Бөрлі ауылында қазақ күресінен ашық аудандық турнир болып өтті.


167 балғын спортшыны жинаған аталмыш жарыс аудандық денешынқтыру және спорт бөлімі, аудандық қазақ күрес федерациясының, «Ақсай» спорт кешені, аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тікелей қолдауымен өтті. Екі күнге созылған жарысқа Ақтөбе облысы, Орал қаласы, Сырым, Жаңақала, Зеленов, Шыңғырлау және Бөрлі аудандарының жас өрендері бақтарын сынады.

2002-2004 және 2005-2007 жылы туған жасөспірімдер арасында оздырылған шараның ашылу салтанатында Бөрлі ауылдық округінің әкімі В. Башточенко,аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы А. Исанов, «Ақсай» спорт кешені директорының орынбасары Қонысбай Шапанов, Бөрлі орман және жануарларды қорғау мекемесінің директоры Қ. Ермекбаев, Бөрлі қазақ негізгі орта мектебінің директоры И. Сатимов, аудандық қазақ күресі федерациясының вице-президенті С. Салихов және Бөрлі ауылы қоғамдық келсім кеңесінің төрағасы Г. Муканов, бас төреші С. Қалимулла, бас хатшы А. Ғаппаровтар болып, спортшыларға сәттілік тіледі. «Жарыс жоғары дәрежеде өтті. Аудан әкімшілігінің спорт саласына, соның ішінде қазақ күресіне жасап жатқан қамқоры ерекше. Олай деуге себеп те жоқ емес. Бүгінгі жарыс жуырда ғана әкімдік тарапынан сыйға берілген қазақ күресіне арналған арнайы кілемшеде өтті. Балаларды аталмыш спортты сүюге, салауатты өмір салтын ұстануға насихатталған игі іс аудан басшылары тарапынан жасалып жатқандығы қуантады» - деді жарыстың бас төрешісі Серік Қалимулла.

Екі күнге созылған жарыста боз кілемде бердескен балғын палуандар қарсыластарына дес бермей, көрермен қазақ күресінің жас өрендеріне үлкен демеу көрсетіп отырды.

Қарсыластарын сан соқтырып, жеңіс тұғырынан көрінген Ақтөбе облысының командасы жалпыкомандалық есепте жеңімпаз атанып, жарыс кубогін иемденді. Ал екінші орын Орал қаласының командасы болса, бұл үштікті Жаңақала ауданының спортшылары қорытындылады.

www.zhaikpress.kz

Айым НҰРҒАЛИЕВА

Ақсай қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале