23.09.2015, 13:04
Оқылды: 23

Ақтөбе облысындағы кездесу

Shingirlau yli dala eli 01     Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында «Ұлы Дала Елі» республикалық экспедициясы Ақтөбе облысы Қобда ауданына келді.

Жақында ашылған Исатай Тайманұлы ескерткіші басында көршілес облыстар делегациясы бас қосты.

Біздің облыс делегациясын Ақтөбе облыстық Қазақстан Ассамблеясы төрағасының орынбасары Жолдас Нурсин қарсылап алды.

Құттықтау сөздермен алмасқаннан кейін, Батыс Қазақстан облысы делегациясының басшысы Ғайса Қапақов Маңғыстау жерінен бастау алған экспедиция мүшелерінің пікірлері жазылған ескерткіш кітапты ақтөбеліктерге табыс етті.

Исатай батыр ескерткіші алдында ән шырқалып, әсем би биленіп салтанатты шара сәнді жалғасын тапты.

www.zhaikpress.kz

Адақ Шотпанов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале