28.09.2016, 11:19
Оқылды: 44

Ақтөбе қаласында IV «AKTOBE INVEST 2016» Халықаралық инвестициялық форумы басталды (ФОТО, ВИДЕО)

%d0%b0%d0%ba%d1%82%d0%be%d0%b1%d0%b5-%d0%b8%d0%bd%d0%b2%d0%b5%d1%81%d1%82-1  Бүгін 28 қыркүйек күні Ақтөбе қаласында IV «AKTOBE INVEST 2016» Халықаралық инвестициялық форумы өтуде,- деп хабарлайды Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметінен.


  Форумның негізгі мақсаты – отандық және шет ел инвестициясының Ақтөбе облысының экономикасына ағылуын әрі қарай ынталандыру. Форум алаңында Ақтөбе облысының инвестициялық мүмкіндіктері, инвестиция құю үшін келешектегі жобалары таныстырылды.

  Форум жұмысына Батыс Қазақстан облысынан облыс әкімі Алтай Көлгінов және өңір кәсіпкерлері қатысуда. Ақтөбеге 27 қыркүйек күні келген қонақтар бұл күні экологиялық таза өнім өндірумен айналысатын өңірдегі кәсіпорындардың өндірісімен танысты. Атап айтқанда «Молочные истории» ЖШС ет комбинаты, шошқа етін өндіретін кешен «Парижская Коммуна ХХI» ЖШС, ет консервілерін шығаратын «СПК Айбек» ЖШС және көкөніс өсіретін жылыжай кешені «IzetGreenhouse» ЖШС барды.

%d0%b0%d0%ba%d1%82%d0%be%d0%b1%d0%b5-%d0%b8%d0%bd%d0%b2%d0%b5%d1%81%d1%82

  Бұдан өзге олар мұнай өнеркәсіпті жабдықтарын өндіретін Ақтөбе мұнай жабдықтары зауыты АҚ, «Үй құрылыс комбинаты» ЖШС, «Каспий Плюс» ЖШС зауыты, сондай-ақ, Ақтөбенің индустриалды аймағы секілді заманауи өндірістік кәсіпорындарды қарап шықты.

   Ақтөбеде өткен форумға барлығы 500 астам қонақ шақырылды.

 Олардың қатарында ҚР Үкіметінің және квазимемлекеттік сектордың өкілдері, Францияның, Иран Ислам Республикасының, Кувейт мемлекетінің Қазақстандағы өкілетті елшілері, сонымен қатар Ресей, Қытай, Түркия, Польша, Словакия, Голландия және өзге де елдердің өкілдері бар.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале