5.10.2015, 10:03
Оқылды: 26

Ақылдың кенін арқалаған ақылгөй қариялар

ZH     Дариян мәдениет үйінде ауыл әкімшілігі мен мәдениет қызметкерлерінің ұйымдастыруымен ауыл қарттарына құрмет көрсеткен мерекелік шара өтті. Салтанатты жиында құттықтау сөз алған аудандық мәслихат хатшысы Р. Исмағұлов  үлкенді сыйлау, құрметтеу,оларға қолдау көрсету турасында келелі  әңгіме қозғап,  шараға жиналған қарияларды мерекелермен құттықтады. Содан кейін Дариян ауылдық округінің әкімі   Б. Ерболатов қоғамда айтулы орын алар аға буын  өілдері сіңірген ерен еңбек пен өнегелі өмір өрнектеріне кеңінен  тоқталып,ортамыздан күн сайын азайып бара жатырған көне көз қарттарымыздың  шаңырақтарына шуақ, шапағат тіледі. Әрі қарай кеш қонақтарына жайылған  дастархан мәзірінен дәм татқан қриялар, өз ойларымен бөлісіп, жастық шақтарын еске алып, мәре-сәре болды. Шара барысында шын ниеттерін білдірген   В. Шохина, Т.Оразаев, А.Старцев, П.Старцевалар  -Біраз қиындықты бастан кешірдік.Былайша айтқанда, еңбекпен есейдік. Бірлік,татулық бар жерде табыс та болады,- деп кейінгі жастарға ақыл-кеңестерін де айтып жатты.

www.zhaikpress.kz

Гүлжан  Аязбаева

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале