7.10.2015, 11:06
Оқылды: 20

Ақынның 95 жылдығына арналды

Akjayik audani fudbol   Тайпақ ауылында Жұбан Молдағалиевтың туғанына 95 жыл толуына орай шағын футболдан  аудандық ашық турнир өткізілді. Тайпақ әкімдігі, аудандық  «Жігер» спорт клубы, Тайпақ балалар-жасөспірімдер спорт мектебі, ұйымдастырған шараның бастамасында ақиық ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімеленді. Ауылдық округ әкімі Боранбай Қыдырғожин Жұбан ағамыздың ел тәуелсіздігі үшін күрескер болғаны жайында әсерлі баяндап берді, оның жырларын сүйіп оқуға шақырды.

Көршілес Атырау облысының Махамбет ауданынан келген команданың жаттықтырушысы Қайрақ Идирисов өңірлердің дене тәрбиесі мен спорттағы байланысы да  мол жемісін беріп келе жатқанын, бұл жастар тәрбиесіне зор үлес екенін айтты. Тайпақ  ардагерлер кеңесінің төрағасы Ғайнолла Садыров елімізде спорттың, соның ішінде футболдың өрісі кеңейіп, жақсы нәтижелер болып келе жатқанына қуанышын жеткізді. Балалар-жасөспірімдер мектебінің шәкірттері шағын концерт қойды.

Ал дүбірлі доп додасына қатысқан Алмалы, Базаршолан, Базартөбе, Чапаев, Қабыршақты ауылдары мен көршілес Атыраудың Махамбет ауданының командалары, сондай-ақ Тайпақтағы № 18 өртпен күрес бөлімі, ардагерлер, жастар командалары жиналған қалың көрермен-жанкүйерлерді жеңіске деген құштарлықтарымен қуантты. Махамбеттіктердің өрнекті ойыны оларға І орынды еншілетті. Тартысты бәсекелерде ІІ-ІІІ орындарды тайпақтықтар мен қабыршақтықтар бөлісті.  Жекелеген ойыншыларға арнайы сыйлықтар табысталды.

Тайпақтық азамат Салтанат Нұрғалиев жарыстың өтуіне айтарлықтай демеушілік жасады. Жақсы іске жанашырдың көп болуыда қандай ғанибет.

www.zhaikpress.kz

Садық САРГЕЛЕКОВ

Ақжайық ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале