26.10.2015, 12:05
Оқылды: 44

Ақын құрметіне - аламан бәйге

Махмет ага

Кешегі аптаның аяғында Сырым ауданының орталығы Жымпиты да Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Сырым ауданының күніне арналған салтанатты шара мен ұлттық спорт мерекесі өтті.

 Жымпитының іргесіндегі тойтөбеде өткен ат жарысы ақын, журналист Махмет Қажиахметовтың 60 жылдық мерейтойының құрметіне орайластырылды. 

12037965_1483113465352049_3620457545628212732_nЖарыстың бас төрешісі, Сырым аудандық ат спорты федерациясының Президенті Мүтәлі Төреғалиев бәйгенің ашылуы шарасында ақынды арнайы құттықтады. Тай жарысының жүлдесін көздіғаралық Серік Мүтиевтің жирен тайы иемденді.

Биылғы жылы Сырым ауданында осымен төртінші ат бәйгесі өтіп отыр. Бұл жолғы бәйгенің басқалардан бөлегі сол, қазақы аттардың аламан бәйгесіне 28 бірдей жүйрік қатысты.

12039594_1483113578685371_7568103573676843386_nАламан бәйгеде тағы да көздіғаралық Серік Мүтиевтің қазанаттарына қанат бітті. Қатарласа шапқан қос тұлпары тігілген жүлдені жұрттан алғырлықтарымен жұлып алды. Үшінші орынды жосалылық атбегі Алтай Ақшолақовтың Топжарған деген жүйрігі иеленді.

Сырым ауданындағы бәйгеге Батыс Қазақстан облысының аудандарынан бөлек, көршілес Ақтөбе облысының атбегілері де ат қосты.

12036432_1483113435352052_8586896369346904132_nТаза қанды сәйгүліктердің аламан бәйгесінде ақтөбелік Ермағанбетов Дәулетттің Қарақат атты арғымағы алдан көрінді. Ақтөбе облысының Ойыл ауданынан келген Бұйрин Әлібектің Байқасқасы мәрені екінші болып кесті.

Таза қандылардың аламан бәйгесіндегі үштікті «Мансұр - Жаһан» шаруа қожалығы баптаған Сарқырама атты сәйгүлігі толықтырды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімі Абат Шыныбеков марапаттады. Бәйгеден келген ат иелеріне құны қымбат тұрмыстық техникалар табыс етілді. Осы күні «Қайсар» спорт клубының ұйымдастыруымен қол күресі, кір тасын көтеру мен қой көтеру сияқты ұлттық спорттың басқа да  түрлерінен жарыстар өтті.

 

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале