26.04.2016, 15:05
Оқылды: 46

Ақын-жазушыларды қабылдады

  utegulov  Бүгін облыс әкімінің бірінші орынбасары Арман Өтеғұлов жерлес жазушы, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мұқадес Есләмғалиевтің 70 жылдығына арналған еске алу шараларына байланысты облысымызға келген жазушының жұбайы Мұқсина Есләмғалиева мен бір топ ақын-жазушыларды қабылдады.


    Облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен кездесу кешіне жазушының жұбайымен қоса ұлы Жасұлан Мұқадесұлы, сықақшы, «Парасат» орденінің иегері  Көпен Әмірбек пен жазушы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы, ақын Бауыржан Халиолла қатысты.

    Басқосуда жазушы туралы ой қозғап, оның қалдырған мұралары ел есінде мәңгіге жатталып, жазушыға лайықты құрмет-қошеметтердің көрсетілетіндігін айтқан Арман Кәрімұлы жазушының жұбайы Мұқсина Есләмғалиеваға облыс әкімі А. Көлгіновтың атынан алғыс хат пен естелік сыйлықты тарту етті.

     Одан кейін Көпен Әмірбек пен Жұмабай Шаштайұлы жазушының өткен өмірі туралы әдемі  естеліктермен бөлісіп, марқұмды еске алды. Кездесу соңында Мұқсина Есләмғалиева жазушының табан аудармастан  8 жыл бойы жазған  туындысы, «Әйтеке би» кітабын әкім орынбасарына табыстап,  көрсетіп жатқан құрмет-қошеметтеріне алғысын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Ләззат ШАҒАТАЙ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале