16.02.2016, 16:59
Оқылды: 45

Ақын шығармашылығына құрмет

Mykagali   Қаратөбе аудандық мәдениет үйінде «Қазақтың дана Қадыры» атты сазды-әдеби кеш өтті. Поэзия кешінде «Көркемсөз оқу» үйірмесінің мүшелері ақынның Отан, туған жер, ана, жастық шақ т.б тақырыптардағы өлеңдерін оқыды.

Шырайлы кеште әдебиеттің асқар белі Қадыр Мырза Әлінің сөзіне жазылған әсем де нәрлі «Атамекен», «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру», «Жездеке», «Жалқаубек» әндері орындалды.


Қырықтан астам жыр жинағы мен әдеби сындары, ән, өлеңдері мен прозалық кітаптары жарық көрген ақынның 90-шы жылдары таңдамалы 5 томдығы шықты. Ал, 2001 жылы «Қазылғұрт» баспасынан 15 томдығы жарық көрді. Тіпті бірнеше пьесасы театрларда сахналанды. Ақын өлеңдері бірнеше тілге аударылды. Өзі де Овей, Гейне, Гюго, Лермонтов, Есенин, Расул Ғамзатов, Межейлатисин сынды классиктердің жырларын қазақша сөйлетті. Бір сөзбен айтқанда шығармашылық ғұмыры арқылы кейінгі ұрпаққа ел мен жерді, ұлтты сүюдің үлгісін көрсетті.

Сөз зергері Зейнолла Қабдолов: «Қадыр Мырзалиев қазақ поэзиясында соңғы 30 жылда тек қана өзіне тән, өзгеше пішін тапқан шын мәніндегі шынайы талант иесі» - деген екен. Олай болса, Қадыр ақын шығармашылығы ғасырдан-ғасырға тарих көшімен бірге лесіп, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, мәңгі жасай бермек. Ақынның тұнықтан жаратылған поэзиясы бізге жол көрсетер шырағдан, үлгі тұтар бойтұмар боп қала бермек, - дейді кеш ұйымдастырушыларының бірі Мөлдір Өтебашова.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

«Қаратөбе өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале