25.07.2016, 15:25
Оқылды: 21

Аққозылықтар - өнер сахнасында

????????????????????????????????????

Аққозы ауылдық округінің көркемөнерпаздары Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына арнап, «Бейбітшілік пен келісімнің жол картасы» мегажобасы аясында аудан орталығы тұрғындарына концерттік бағдарлама ұсынды.  


Алғаш болып сөз алған Аққозы ауылдық Мәдениет үйінің меңгерушісі Бауыржан Төлепұлы Аққозы ауылдық округінің әлеуметтік жағдайына тоқталды.

«Тәуелсіздікке тағзым» тақырыбында өткен концерттік бағдарламада туған жер, патриоттық бағыттағы әндер шырқалды.

Себелеген жаңбыр астында көрермендерге сазды сәлем жолдаған әжелер ансамблі халық әні «Гүлдерайым», «Құрбым, жан-құрбым» әндерін шырқаса, ағайынды дуэт «Мерекем» әнін орындап, көрермендер жүрегіне жол тапты.

Бағдарлама барысында Нариман Байыров «Алға, Қазақстан!», Назира Жәрдем «Астана», Махамбет Есқалиев «Алға, қазақ жігіттері!»,  Бауыржан Жақсығалиев «Қазақ елі», «Көк тудың желбірегені...» әндерін шырқап,  көрермендер ризашылығына бөленді.

Қаратөбелік тұрғындар мерекелік концерттен жақсы көңіл күймен тарқасты.

Тоты ЕСҚАЙЫРОВА
Қаратөбе ауданы
www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале