10.06.2015, 12:57
Оқылды: 35

Аққұмнан шыққан Ақберен

IMG_0247Ауданымызда атақты қолбасшы, баһадүр Бөкенбай туралы тарихи деректі фильм түсірілді. Аққұмда киіз үйлер тігіліп, батырдың балалық шағы, Қарақұмдағы жиын, жекпе-жектері суреттеліп, көрсетілді.

Барлық ауданымыздың мекеме, кәсіпорындары осы шараға белсене ат салысты. Қазақ хандығының 550 жылдығы қарсаңында түсірілген туынды өңделіп, қалың көрерменге ұсынылатын болады.

Фильмді облыстық «Қазақстан-Орал» телеарнасы түсірді. Ақберен батырымыз туралы фильмның режиссері - Мұнайдар Балмолда. Басты рөлді сомдаған жергілікті мәдениет қызметкері Берік Темірғалиев.

Рухы биік бабамыздың атын мәңгілік ұлықтауға арналған деректі фильм  көпшіліктің көңілінен шығатынына сенім мол.

www.zhaikpress.kz

Адақ Танабайұлы

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале