3.02.2016, 17:26
Оқылды: 28

Ақұштап ақынға арналды

Akyshtap keshi    Бүгін Оралдағы Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығында ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Ақұштап Бақтыгерееваның шығармашылыға арналған тамаша кеш өтті.


«Жайығым деп сыр ашып, жырдан төккен кестесін» тақырыбында болған әдеби-поэзиялық тағылымды кештің шымылдығы ақынның сөзіне жазылған белгілі сазгер Ілия Жақановтың «Оралдың ерке самалы» әнімен ашылды. Бұдан әрі Ақұштап апамыздың әр жылдарда жазылған жырлары оқылды. Тағылымды естеліктері тыңдалды.

Айта кету керек, дәл осындай жас ұрпаққа рухани азық сыйлайтын әдеби-сазды кештер қаламызда тұрақты түрде ұйымдастырылып отырмақ. Келесі кеш қонағы танымал ақын, Т.Айбергенов атындағы сыйлықтың иегері Ғайсағали Сейтақ болады деп күтілуде.

Аталмыш шараның өз дәрежесінде өтуіне Орал қалалық мәдениет бөлімі үлкен қолдау көрсетті.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале