13.10.2016, 12:09
Оқылды: 24

Ақ жүректі аналардың қамқорлығы

%d0%b0%d0%bd%d0%b0%d0%bb%d0%b0%d1%80-%d0%ba%d0%b0%d0%bc%d0%ba%d0%be%d1%80%d0%bb%d1%8b%d0%b3%d1%8bҚайырымдылық айлығына орай  аудандық жастар демалыс орталығының әдіскері Нұрия Хабибуллина және ауылдық аналар кеңесінің мүшесі Чиослан Адошева ардагер әжелеріміз бен көп балалы отбасының шаңырағында болды.

Алдымен  91 жастағы Күләндам Тоғжанова әжеміздің шаңырағында болып, қал-жағдайын сұрап, басына ақ жаулық тақты. Кездесуде әжеміз, -Айналайын, балаларым! Менің халімді сұрап, көңіл бөліп келіп жатқандарыңызға мың да бір рахмет. Сіздерге тек Алла ұзақ ғұмыр берсін. Әрқашан еліміз тыныш, жұртымыз аман болсын, -деп ақ батасын берді. Сондай-ақ байланыс ардагері Ғалия Сейітқалиева анамызға аналар кеңесінің мүшесі Чиослан Адошева өз қолынан дайындалған сүт өнімдерін беріп, аман отыра беріңіз, -деген тілегін жолдады.

Осындай әжелеріміздің ақ батасынан кейін,  7 баланың әкесі Жасұлан ағамыздың шаңырағында болдық. Көздері жәутендеген Ерасыл мен Ерсұлтан алдымыздан шауып шықты. Нұрия мен Чиослан анамыз балаларға киім-кешек үйлестіріп, аналық ақ тілектерін жеткізді.

Жұлдыз Асқар

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале