16.06.2016, 13:57
Оқылды: 27

Ақ жүрек абзал жандар

ak zhurek abzal zhandar15 маусым күні  дәл осындай тақырыппен  аудандық мәдени-демалыс орталығында халықаралық дәрігерлер күніне орай,  аудандық аурухана ұжымының қатысуымен мерекелік шара өтті.


Алғаш боп сахна төріне көтерілген аудандық аурухананың басшысы Г.Кенжешева қол астындағы барлық ұжымын айтулы мерекелерімен құттықтап,  медицина саласында ұзақ жылдар бойы қалтықсыз  қызмет етіп келе жатырған аудандық аурухананың бірқатар қызметкерлеріне аудан әкімі атынан алхыс хат табыстады.

Бұдан соң  кәсіподақ ұйымының төрайымы Л.Вологина аудандық аурухананың кәсіподақ ұйымы атынан спорттық шараларда белсенділік танытып, жүлделі орындарға ие болып жүрген бір топ сала қызметкерлеріне ақшалай сыйлық табыс етті.

Шара әрі қарай мәдени-демалыс орталығының көркем өнерпаздары дайындаған концерттік бағдарламаға ұласты.

www.zhaikpress.kz
Есенжол САНСЫЗБАЙҰЛЫ
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале