19.08.2016, 12:54
Оқылды: 31

«Ақ орамал» акциясы

«Ақ орамал» акциясы  «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесін ілгерілету мақсатында Қазақстан халқы Ассамблеясы   «Ақ орамал»  акциясын өткізуге бастама көтергені мәлім. Бөкей Ордасы аудандық Мәдениет үйінде  сол республикалық акция аясында дөңгелек үстел оздырылды.

  Аталмыш шарада  өнегелі  аналар мен отбасылық  өмірге қадам басып отырған инаббаты келіндер бас қосып,  өзге ұлт өкілдері Людмила Березина, Наталья Семилидилер кештің қонағы болды.


   Қазақтай халықтың үлгілі тәлім-тәрбиесі, ұрпақтан ұрпаққа жалғасқан игі дәстүрі жайында мәнді әңгіме тіні ағытылды. Алдымен аудан әкімінің орынбасары Лариса Қайырғалиева сөз сабақтап, бұл акцияның «Ақ орамал» аталу себебі мен мақсаты төңірегінде жан-жақты түсінік берді. Келін тәрбиелеп отырған аяулы аналар жаңа түскен келіндерге қазақы дәстүрмен орамал салып, баталарын береді. Сол салт бойынша жас келіндер Маркизат (Мақсотовтар әулетінің келіні), Арайлым (Әжіғалиевтер), Балжан (Ізбасқановтар), Айгүл (Әнесовтер), Данагүлге (Самиғоллиндер) елге сыйлы аналар, қазір келін тәрбиелеп отырған енелер Зура Тәшімова, Гүлжан Бисекенова, Жаслан Еркеғалиева, Мағмор Молдашева, Надежда Әменовалар ақ жаулық салды. Бұл керемет үрдіс одан әрі әсерлі естеліктермен  өрбіді.

Гүлнар ТАСБОЛАТҚЫЗЫ

Бөкей ордасы ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале