16.07.2015, 14:34
Оқылды: 53

«Ақ ордада» бәрі бар

Shingirlau kasibin nasibin   Шыңғырлау ауданы орталығында тағы бір азық-түлік дүкені есігін айқара ашты. Өз алдына  жұмыс  істеуді ұйғарған  Шыңғырлау  селосының  тұрғындары- Кулбатыровтар отбасы ақылдаса келе отбасылық кәсіпкерлігін неге  бастамасқа деп шешкенді. Бүгінде «Кулбатырова С.Ю»  жеке кәсіпкерлігінің иелігіндегі «Алтын орда» дүкені жұмысын бастап, тағам өнімдерінің 300-ге жуық түрлерін тауар сатып алушы жерлестеріне  ұсынуда.

Дүкен сөрелерінде 60 теңгенің  ақ бөлкесінен бастап, нанның 4 түрі, картоп - 90 теңгеден, жас қияр 70 теңгеден, қойытылған сүт-145  болса  оңтүстіктің тез пісетін қарбызының килосы-100 теңге, ал қауынның килосы -120 теңгеден.

Күнделікті тұтынатын тауар ішінде  тұрғындар әсіресе, нан өнімдерін, көкөніс түрлерін көбірек алады екен. Тіпті  жұмыртқаның ондығы 150 теңге деп көпшілігі осында келіпті.

Аталған дүкен алдағы уақытта   өздерімізден шығатын өнімдерді де сатуды қолға алмақ.

www.zhaikpress.kz

         Айсұлу  Арыстанова

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале