1.10.2015, 16:49
Оқылды: 45

Ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелерді, соғыс және еңбек ардагерлерін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтады

Akim0112    Облыстық қазақ драма театрында 1- қазан халықаралық қариялар күніне орай салтанатты шара өтті. Бұл күні бар өмірлерін ұрпағы мен еліміздің болашағына арнаған ақ сақалды аталар мен ақ жаулықты әжелерді, соғыс және еңбек ардагерлерін облыс әкімі Нұрлан Ноғаев құттықтады.

-Ардақты ақ жаулықты аналар мен  аталар, - деп құттықтау сөзін бастаған Нұрлан Асқарұлы қан майданда Отан қорғап, соғыстан соң құлдыраған экономиканы көтеруге аянбай еңбек еткен қарияларға деген кейінгі буын ұрпақтың ризашылығын жеткізді.

-Еліміз әлемдік қауымдастықтағы бірегей елге айналып келеді, - деді әкім.- Елбасы: «Тек қана өткенімен мақтанатын елдің болашағы бұлдыр болады. Әр буын өкілі, кейінгі ұрпақ ата буынның даңқына даңқ қосып, олардың игі істерін алға жалғастырса ғана елдің болашағы жарқын болады» деген еді. Соғыс кезіндегі буыны қатпаған жас балалар - бүгінгі ақ жаулықты аналар мен ақ басты аталарымыз ыстық пен суыққа қарамастан  қажырлы еңбек етіп Жеңісті жақындатуға үлес қосты, кейін ауылшаруашылығын көтеруде ерен еңбек үлгісін жасады. Елбасы біздің болашағымызды айқындап берді, нақты стратегия қабылданды, яғни бағытымыз айқын, болашағымыз жарқын. Қариялардың өмірлері жақсарып, жандары тыныш болуы үшін мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатыр. Болашақта жалғасын таба да береді. «Қариясы бар үй - қазыналы, баталы үй» деген бар. Біз үлкеннің қоғамдағы орнын сонау ықылым заманнан-ақ белгілеп қойған елміз. Сіздердің орындарыңыз ылғи да төрде. Аспандарыңыз ашық болсын, ұрпақтарыңыздың қызығын молынан көруге жазсын. Елдің дамуына қосқан үлестеріңіз алдаңыздан шықсын, Жаратқан сіздерге ұзақ ғұмыр берсін.

Бұдан соң театр залы толы жиналған шежіре кеуде, ақылгөй қарияларымызға арнап өнер шеберлері концерт қойды.

www.zhaikpress.kz

 Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале