27.07.2015, 19:31
Оқылды: 25

Ақ халаттылар алқалы кеңесте кездесті

Terekti medikter baskosui   Ауданымыздың  ақ халатты  абзал жандары  алқалы кеңесте жүздесті. Оған  аудан  әкімінің орынбасары  Алтай  Тоқжанов куә болды.

Аудандық орталықтандырылған аурухананың басшысы  Мадияр  Өтешовтің төрағалығымен өткен  басқосуда  медицина қызметкерлерінің алты ай  ішінде  атқарған жұмыстары жөнінде сөз қозғалды. Яғни, осы уақытқа дейін қандай  шаруалардың жүзеге асқандығы талқыланды, тағы бір мәрте ой елегінен өткізіп пысықтады.

Алдымен сөз алған аудандық емхананың  меңгерушісі  Алмагүл  Бахитовамедмциналық -  демографиялық  жағдай, ауру- сырқау және өлім - жітім, скрингтің жүргізілуі, жалпы алты айлық  есепті екшелеп баяндама жасады. Ал, одан  әрі  туберкулез қызметі бойынша жетекші маман Маруа Измайлова сөз алып, аудандағы  туберкулез қызметі барысы бойынша  саралап талқылады.

Кеңес соңында  аурухана басшысы әріптестеріне нақты тапсырмалар беріп шешім шығарып шараны  қорытты.

www.zhaikpress.kz

Айшабибі МӘМЕТ

Теректі  ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале