20.06.2016, 10:51
Оқылды: 30

АҚ ХАЛАТТЫ АБЗАЛ ЖАНДАР АРДАҚТАЛДЫ

????????????????????????????????????

Маусым айының үшінші жексенбісі – медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Адам жанының арашасысы атанған осынау сала мамандарына құрмет еліміздің жер-жерлерінде көрсетілуде.

Мерейлі мереке Жалпақтал жерінде де өз сән-салтанатымен аталып өтілді.


Қасиетті жұма күні Жалпақтал ауруханасының ауласында осынау мейрамға байланысты іс-шаралар оздырылды. Келелі басқосуда сөз алған Жалпақтал ауылдық округінің әкімі Самиғолла Ақмурзин ақ халатты абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтап, олардың жауапты жұмыстарына табыстар тіледі. Сонымен қатар округ әкімі Жалпақтал жұртшылығы атынан алғыс хат табыс етті. Мерекелік шарада денсаулық саласының мамандарына облыстық мәслихат депутаты Мағауия Есмағұлов та құттықтап, игі тілегін арнады.

Мұнан соң марапаттау рәсіміне кезек беріліп, бір топ сала озаттарына алғыс хаттар мен мақтау қағаздары, сыйлықтар табыс етілді.

Шара соңы ақ халатты абзал жандардың ұйымдастырумен концерттік бағдарламасымен, әртүрлі сайыстарымен аятқалды.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

Жалпақтал ауылы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале