19.07.2016, 16:04
Оқылды: 33

Аңшылар өртке қарсы

аңшылар жиыны Тасқала аудандық мәдени ойын-сауық және спорт клубында «Тасқала ауданық аңшылар мен балықшылар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өрт қауіпсіздігі жөнінде жиын өтті. Жиынға қорықшылар, аңшылар және сала мамандары қатысты.

         Басқосу барысында аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау капитаны А.Досқалиева сөз сөйлеп, өрт қауіпсіздігі ережелерімен таныстырды. Жоғарыда аталған бірлестіктің төрағасы Ю.Буданчиков заңсыз аң аулауды болдырмау турасында баяндама жасады. Шара соңында барлық қатысушыларға орман және дала өртінің алдын алу шаралары туралы жадынамалар таратылды.

www.zhaikpress.kz

Манас МАРАТҰЛЫ

Тасқала ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале