12.10.2016, 16:36
Оқылды: 24

"Бəріміз де бірдейміз - кемсітуді білмейміз"

%d0%b8%d0%bd%d0%b2%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b4%d1%8bБүгін облыстық қазақ драма театрында ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығына орай жəне облыс əкімінің "Мейірбандық күндері" атты облыстық қайырымдылық айлығы аясында "Батыс Қазақстан облысы мүгедектері ерікті қоғамы" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен мүмкіндіктері шектеулі жандар арасында "Бəріміз де бірдейміз - кемсітуді білмейміз" облыстық фестивалі өтті.


Байқаудың негізгі мақсаты - мүгедектігі бар адамдардың шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуға, қоғамға етене араласуына, өмірде өз жолдарын табуға көмектесу, ой-өрісін кеңейтуге қолдау көрсетіп, жағдай жасау.  Фестивальдің гала-концертіне қатысқан облыс əкімінің орынбасары Марат Тоқжанов елімізде мүмкіндігі шектеулі жандарға барынша көңіл бөлініп, жағдай жасалып жатқандығына тоқталып өтті.

%d0%b8%d0%bd%d0%b2%d0%b0%d0%bb%d0%b8%d0%b4%d1%8b-1- Еліміздің тəуелсіздік алғаннан бері мемлекеттік саясаттың басты бағыты -əлеуметтік салаға үлкен көңіл бөлініп келеді. Өйткені бұл сала Елбасы Н.Назарбаевтың Жолдауында нақты тапсырма ретінде белгіленген болатын. Бүгінгі күні мемлекеттік тұрғыдан барлық мүгедектер мен халықтың əлжуаз топтарына зейнетақы мен жəрдемақылар уақытылы төленіп келеді. Сондай-ақ мұндай жандарға əлеуметтік жəне медициналық көмек көрсету де жолға қойылған. Əлеуметтік саясаттың басты мақсаты - əр адамның өз мүмкіндіктерін толық пайдалануға мемлекет тарапынан жағдай жасау, - деп атап өткен облыс əкімінің орынбасары қатысушыларға толағай табыс тіледі.

Фестивальға осы кезге дейін 215 мүмкіндігі шектеулі жан қатысып, аудандық жəне қалалық деңгейдегі іріктеуден  облыстық кезеңге жолдама алған 39 жеңімпаз арнайы облыс əкімінің алғыс хаттарымен жəне бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Облыс көлемінде 24 мыңнан астам мүгедек болса, 11 мыңнан астамы Орал қаласында тұрады. Фестиваль алдағы жылы да өз жалғасын табатын болады.

Ләззат Шағатай

www.zhaikpress.kz

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале