14.08.2015, 10:53
Оқылды: 19

Баба рухына тағзым етті

доскалиевРеспубликалық турнирге қатысушы палуандар мен турнир қонақтары аудан орталығында орын тепкен орталық саябақтағы Еңсеп Досқалиевке арнап қойылған ескерткіш-тақтаға гүл шоқтарын қойып, баба рухына тағзым етті.

Аудан басшысы Асхат Берлешұлы сөз сөйлеп, келбетіне көрік қосқан өлкенің бүгінгі тірлігі мен кешегі тарихына тоқталып өтті.

Айта кету керек, орталық саябақ ағымдағы жылы жаңартылып, жаңаша сипатқа енді. Орталық саябақ ішіне жаяу жүргінші жолы төселіп, 55 орындық және 41 тазалық жәшігі орнатылған.

Кіреберіс қақпа алдына автотұрақ үшін асфальттан алаң төселінген.
Ұлы Отан соғысынан оралмаған 2480 жауынгердің есімі жазылған ескерткіш тақта мен өңірден шыққан атақты 8 азаматтың өмірбаяны жазылған тақта ел тарихынан сыр шертеді. Ол тақтаның біреуі абсолюттік чемпион Еңсеп Досқалиевке тиесілі.

Сонымен қатар демалыс орынына биіктігі 10 метр ту тұғыры орнатылып, 3 жерден жарық түсіру құрылғысы қондырылды. Балалар ойыны алаңына да орын берілген. Ондағы гүлзарлар мен көшеттер суландыру жүйесі арқылы суландырылады. Тәуліктің түнгілік мезгілінде саябақтың аумағын жарықтандыруға 47 жарықтандыру шамдары көрік қосады.

Қаратөбе өңірінің күн санап, сәт санап қарыштап дамуына таңданысын жасырмаған спортсүйер ағайын түстен соң жарыс алаңынан табылды.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ
Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале