8.07.2015, 18:53
Оқылды: 42

Бадминтоннан жарыс басталды

бадминтонОрал қаласында бадминтоннан халықаралық турнир басталды. Рейтингтік іріктеу жарысы 8-12 шілде аралығында оздырылады.

«КОНДЕНСАТ» спорт залында басталған аталмыш турнирге 90-ға жуық спортшы тіркеліп. Қазақстан, Түркия, Малайзия, Иран, Шри-Ланка, Тәжікстан, Ресей, Австрия секілді жалпы саны 17 мемлекеттің спортшылары қатысып, бақтарын сынауда. Оның ішінде өңірімізден Дмитрий Рублев, Наталья Толкачева, Андрей Клемец, Людмила Сафронова, Евгений Макаров секілді спортшылар бар.

- Қазақстандағы бадминтонның дамуына Батыс Қазақстан облысының қосқан үлесі орасан зор. Жарыстың бір ерекшелігі, бұнда спортшылардың бір жылдық ұпай саны есептеліп, рейтінгісі анықталады. Сөйтіп, лицензия ұтып алған бодминтоншылар 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өтетін ХХХI жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын болады, - дейді ҚР мемлекеттік жаттықтырушы Мәлік Бейсалиев.

Турнир жекпе-жек, жұптасу және аралас түрінде өткізіледі. Алдағы жұмада жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдерін хабарлайтын боламыз.

www.zhaikpress.kz

Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале