22.08.2015, 16:46
Оқылды: 28

Базарда баға тұрақты

 

Ногаев базарОблыс әкімі Нұрлан Ноғаев Орал қаласындағы орталық «Мирлан» базарында болып, азық-түлік бағасымен танысты және тамыз айының басынан бері жұмыс істеп жатқан «Мектеп жәрмеңкесіне» барды. Сондай-ақ ақша айырбастау орындарында болып,  теңгенің еркін «жүзуіне» байланысты кәсіпкерлер тарапынан абыржушылықтың бар-жоғын білуге тырысты.

Сауда орындарын аралап, базар директорымен сөйлескен  Нұрлан Асқарұлы  базардағы ахуалдың қалыпты, бағаның көтерілмегенін атап өтті.

- Дағдарысқа қарсы штаб бұдан  бұрын құрылған және баға мониторингі, әділетсіз бәсекелестікке жол бермеу қашанда осы штабтың басты назарында. Оның құрамында мемлекеттік қызметкерлер де, қоғамдық ұйымдардың өкілдері де бар. Біз күн сайын баға мониторингін жүргіздік, жүргізіп келеміз, жүргізе береміз де, сөйтіп, баға ахуалын бақылауда ұстаймыз. Кеше теңгенің «жүзу» курсы белгіленгенде, біз мониторинг негізінде тауарларға бағаның өспегені туралы айта аламыз. Нарық болғасын өзгерістер бар, бірақ еліміз бен өңірімізде өндірілетін тауардың бағасын өсіруге негіз жоқ. базарОларға ештеңе де ықпал етпеуі тиіс. Ал шетелдік тауарға келсек, өзгеріс болуы ықтимал, бірақ қазір олар бұған дейінгі  құнымен сатылуда. Біз мұны қадағалап отырамыз. Сонымен қатар барлық ақша ауыстыру орнында кез келген валюта жеткілікті, саудада тауар да бар. Сондықтан біз осының бәрін реттеп, бағаның күрт өсуіне жол бермеуіміз керек. Сатып алушылармен сөйлескенде, төтенше жағдайдың байқалмайтынын айтқым келеді. Тағы да айтамын, әбігерге түсудің, азық-түлікті қапшықтап алудың қажеті жоқ, - деді облыс әкімі Н. Ноғаев.

- Базардағы ахуал қалыпты, ешқандай абыржу байқалмайды. Тұтынушы сұранысы бұрынғы деңгейде. Тауар өткізуде өзгеріс жоқ, сатушылар қалыпты ісінде. Базардан арбалап азық-түлік тасығандарды байқаған емеспіз. Бұрынғыша қалай сатып алды, солай сатып алуда. Жалдау бойынша да баға бұрынғыша, солай қала береді де. Кәсіпкерлердің сауда алаңдарына байланысты барлық сұрағына жауап бердік, жауап береміз де, - дейді  «Мирлан» базарының директоры Тагира Журавлева.

www.zhaikpress.kz

Наталья ГОРОХОВА

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале