3.10.2016, 12:08
Оқылды: 14

Байқаудың алғашқы кезеңі өтті

%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d2%9b%d0%b0%d1%83%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d0%b0%d0%bb%d2%93%d0%b0%d1%88%d2%9b%d1%8b-%d0%ba%d0%b5%d0%b7%d0%b5%d2%a3%d1%96-%d3%a9%d1%82%d1%82%d1%96    «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалында «Үздік бастауыш партия ұйымы» республикалық байқаудың  аудандық кезеңі оздырылып, онда Ақоба, Күйгенкөл, Тау, Талов, Жақсыбай, Борсы, Ұзынкөл ауылдық округтері бастауыш партия ұйымдарының жұмыстары сараланып, талданды.


  Аудандық байқауда аталған ауылдық округтердегі бастауыш партия ұйымдарында партиялық жобаларды жүзеге асыру, мүшелек жарналарды жинаудың көрсеткіші, бастауыш партия ұйымдарындағы жұмыстардың бұқаралық-ақпарат құралдарында жариялануының деңгейі сияқты іс бағыттары  бағаланды. Байқау қорытындысында комиссия ұйғарымымен 100-ден астам партия мүшесі есепте тұратын Ақоба және 100-ге жуық партия мүшесі бар Ұзынкөл бастауыш партия ұйымдары аудандық байқауда үздік болып, облыстық байқауға қатысуға жолданды.

                                                                                      Н.Жапақов

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале