17.02.2016, 11:13
Оқылды: 26

«Байқаушылардан Сайлау туралы заңды мүлтіксіз білуі талап етіледі»

IMG_3791

Бүгін Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия филиалының жетекшісі Вера Шохина филиалдың өз жұмысын бастағанын мәлімдеді.


 

Облыстық комиссия құрамында қоғам белсенділері, үкіметтік емес ұйымдардың және басқа да салалардың өкілдері бар. Қазір штаб құрылған, байқаушыларды іріктеу жұмыстары жүргізілуде.

-Біздің мақсатымыз – өңірімізде Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссияның жұмысын жүйелі жүргізу, оның негізгі миссиясының орындалуын қамтамасыз ету. Құқықбұзушылықтардың алдын алу Сайлау процесінің барысына сараптама жүргізіп, сайлаудың ашықтығына, заңнаманың сақталуына қолғабыс ету. Жұмысымыздың ең ауқымды бағыты – байқаушыларды оқыту. Бұл үшін семинар-тренингтер өткіземіз. Оқу қорытындысы бойынша тестілеу өткізіледі. Олардың әрқайсысынан Сайлау туралы заңды мүлтіксіз білуі талап етіледі. Сайлау күні әрбір сайлау учаскесінде жан-жақты дайындалған комиссия өкілі жұмыс істейді,-деді Сайлауды бақылау жөніндегі республикалық қоғамдық комиссия филиалының жетекшісі Вера Шохина.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале