13.10.2015, 19:00
Оқылды: 19

Балабақша құрылысында қауырт жұмыс

_MG_86789Шыңғырлау ауылында 290 орындық жаңа балабақшаның құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде. Құрылыс жұмыстарының мердігері - оралдық «АлТим» компаниясы.

Құрылыс нысаны күн санап ертегідегідей мұнаралы қорғанға ұқсай бастады. Үш ай ішінде ғимараттың қабырғасы тұрғызылып, қазіргі уақытта төбе шатыры жабылып жатыр. Сондай-ақ балақандарға арналған ойын алаңының жабдықтары орнатылуда.

Учаске бастығы Рафхат Жексенғалиевтің айтуынша, осы жұмыстардың барлығы айдың аяғына дейін аяқтамақ.

Балабақша ауласының қоршауын А.Рудь басшылық жасайтын «Гефест» шаруа қожалығының ұсталары жасап, орнатты. Қосалқы мердігер «Спецстрой» компаниясының білікті мамандары газ, су, кәріз құбырларын тартуды бастап кетті. Ғимаратқа пластикалық терезе-есік орнату жұмыстары да жалғасуда.

Жалпы, құрылыс алаңында жиырмадан астам адам, 13 ағаш шебері, 4 кірпіш қалаушы, 4 жұмысшы еңбек майданын қыздырып жүр.

www.zhaikpress.kz

Татьяна КИШКИНА

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале