20.05.2016, 10:22
Оқылды: 32

Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Balalardin jazgi demalisi   Шыңғырлау ауданы әкімдігінде аудандық қоғамдық кеңес отырысы өтті. Аудан әкімі А.Халеловтың қатысуымен өткен  жиында  кейбір кезек күттірмейтін  мәселелер, атап айтқанда аудан бюджетінің орындалуы есебі тыңдалып, ауданның 2020 жылға дейінгі даму тұжырымдамасы екшелді.

   Сондай-ақ, аудан балалары мен жасөспірімдері арасында спортты дамыту, олардың жазғы демалысын ұйымдастыру бағытындағы аудандық БЖСМ және білім бөлімінің жүргізіліп жатырған жұмыстары туралы баяндама-есептері тыңдалды. Отырыс соңы аталған бағыттағы жұмыстарды нақты бақылауда ұстап, айтылған ұсыныс-пікірлердің ескерілуі тапсырылды.

www.zhaikpress.kz

Айсұлу Арыстанова

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале