6.04.2016, 19:05
Оқылды: 37

Балалардың игілігіне айналған үйірме

Janibek balalardin igiligine arnalgan yirme     Өткен жылы қыркүйек айында аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жанынан ашылған ат спортының көкпар бөлімі ашылды. Мұнда балалар атқа мінуді, шабандоздықтың қыр-сырын, сонымен қатар ұлттық ат спортының «Көкпар», «Аударыспақ», «Теңге ілу» сияқты түрлерін ойнауды меңгеріп жүр. Қазіргі таңда аталмыш бөлімде қырыққа жуық балалар жаттығады. Оларға Орал қаласынан келген тәжірибелі бапкерлер тәлім береді.


     Биік әрі жарық, ауасы кең қоражайда жылқы жануары­на барлық жағдай жасалған. Әр атқа жеке-жеке кабина бекітілген. Аз уақыттың ішінде бұл жер балалардың жиі келетін сүйікті орнына айналып үлгеріпті. Осы бөлім ашылғалы ұлттық ат спорты түрлерінен әртүрлі деңгейдегі жарыстар да ұйымдастырылып тұрады. Оған тек аудан орталығынан ғана емес, ауылдық округтердің командалары да белсенді қатысады.

     «Сонымен қатар, бұл бөлімнің басты бағыттарының бірі - церебральды сал ауруына шалдыққан балаларды иппотерапия әдісімен емдеу болып табылады»,  - дейді аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Орынбасар Ғилымов.

 www.zhaikpress.kz

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале