22.07.2015, 18:48
Оқылды: 14

Балаларды қонаққа шақырайық

 

OLYMPUS DIGITAL CAMERA

Мемлекет басшысы ұсынған бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бағытындағы 100 нақты қадамның жетеуі білім саласын жетілдіруге арналған. Ұлттық жоспардың «Біртектілік пен бірлік» атты төртінші бағытын жүзеге асыру мақсатында Білім және ғылым министрлігі балалар құқықтарын қорғау комитеті төрайымының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім  бастаған республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы өңірімізде болып, білім саласы қызметкерлерімен кездесті.

Сала қызметкерлерінің басқосуы облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы мен балалар туризмі және экология орталығында өтті.

Облыстық балалар үйі директорының тәрбие жөніндегі орынбасары Замира Сейтқазиеваның айтуынша, соңғы жылдары өңірімізде ата-анасыз қалған балалар санын азайту мақсатында бірқатар істер атқарылған. Соның нәтижесінде облысымызда жетім балалар саны жыл санап азайып келеді. Бүгінде сәбилер үйінде 29 нәресте болса, облыстық балалар үйінде 3-17 жас аралығындағы 80 шақты бала тәрбиеленуде. Бұл көрсеткіштер алдыңғы жылдармен салыстырғанда өте төмен. Ата-анасыз қалған балалардың құжаттарын жинап, патранаттық тәрбиеге, қамқоршылыққа және отбасына орналастыру мақсатында жұмыстар жалғасуда.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек ОРАЗАЕВ

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале