30.07.2015, 19:22
Оқылды: 23

Балаларға бірге көмек берейік!

B Maken mektepke 022   Бүгін  облыс әкімдігінің кіші залында  облыстағы білім беру ұйымдарының жаңа 2015-2016 оқу жылына  дайындығын талқылынған селекторлық отырыс өтті. Отырысқа төрағалық жасаған облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен жаңа оқу жылына дайындықты күшейту әсіресе жылыту маусымына дайындықты қазірден қамдауды назардан тыс қалдырмауды аудан әкімдерінің орынбасарлары мен білім беру ұйымдарының басшыларына шегелеп тапсырды.

Отырыста білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы, «мектепке жол» акциясы, мектеп оқушыларының тиімді тамақтануы мен тасымалдануы және мектеп формасы туралы мәселелер талқыланды.  Әсіресе аз қамтылған , көп балалы отбасының балаларының толық қамтылуы, сонымен қатар мектеп формаларының сапалы, балалар үшін ыңғайлы болу қажеттігі де басшылық назарынан тыс қалған жоқ. Мектепке жол акциясы биыл «Балаларға бірге көмек берейік!» үндеуімен өткізіледі. Қазіргі таңда аудандар мен қала әкімідігінің қолдауымен облысымыздың барлық өңірлерінде және шалғай ауылдарында «Мектеп жәрмеңкесін» ұйымдастыру жұмыстары жүрігізілуде.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале