15.04.2016, 11:12
Оқылды: 24

Балалар - «Балдәуренде»

????????????????????????????????????

   Зеленов ауданы орталығында «Егемен елім - кең байтақ жерім» атауымен аудандық «Балдәурен» балалар шығармашылығы фестивалі өткізілді.

     Жас өрендердің өнерін қолдап, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін шыңдай түсуді ту еткен додаға ауданымыздың әр ауылынан балғындар қатысты.


     Бес аталым бойынша бақ сынаған балалар бірі-бірінен кем түспеді. Оқушылар мың бұрала билеп, бұлбұлдай ән шырқап, күмбірлете күй шертіп, қара сөзді мәнеріне келтіре оқып жүрекке жеткізе білді. Сондай-ақ, көздің жауын алар қолөнер бұйымдарын ұсынған шебер шәкірттер де көрермен ықыласына бөленді.

         Сонымен, мықтыны анықтаған өнер додасының қорытындысында жауһар жырдан Қарлығаш Жамиева, ұлттық әуеннен аудандық саз мектебінің «Елмұра» домбырашылар ансамблі, әуелеткен әуезді әннен «Достар» квартеті,  көркем биден «Іңкәр» би тобы, қолдары алтын шеберлер байқауында Сезім Аманжолова үздік танылып, облыстық «Балдаурен» байқауына жолдама алды.

 www.zhaikpress.kz

Д.НАСЫР

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале