24.08.2016, 10:39
Оқылды: 164

Балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту – Отандық туризмнің жарқын болашағы

БалаларТуризмі           Жәнібек ауданының орталығында балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығы, жас туристер стансасының директорлары, қосымша білім беру педагогтарының тамыз кеңесі оздырылып, шараға  облысымыздың 10 ауданынан келген өкілдер қатысты. Алыстан келген меймандарды аудандық мәслихат хатшысы Тахир Қадимов пен аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешев қарсылап, аудан орталығындағы Мәншүк Мәметова мен Ғұмар Қараштың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды.

Меймандар аудан орталығындағы №1 орта мектепке барып, жауынгерлік және еңбек даңқы мұражайындағы  жәдігерлермен танысып болған соң аудандық мұражайға келіп, аудан тарихының қойнауына үңіліп, осында орналасқан «Соғыс оты шарпыған Жәнібек» атты панораманы көрді.туризм

Аудан орталығындағы Т.Жароков атындағы мектептің акт залына жиналған шара қатысушылар «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы призмасы арқылы азаматтыққа, патриотизмге, толеранттылыққа тәрбиелеудегі қазақстандық бірегейлікті қалыптастырудағы балалар-жасөспірімдер туризмінің рөлі туралы»  тақырыбында  мәжіліс өткізіп, оны  БҚО білім басқармасының мектепке дейінгі жалпы орта, техникалық білім беру ұйымдарының оқу-әдістемелік кабинетінің арнайы түзеу, инклюзивті, қосымша білімді дамыту және тәрбие жұмысы бөлімі басшысы Зәмзагүл Ғаббасова жүргізді. Жиында  Жәнібек аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Айгерім Құбаева  "Жәнібек ауданында туристік-өлкетану қызметі арқылы оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу», облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының әдіскері Надежда Досқалиева «облыстық балалар мен жасөспірімдер туризмі және экология орталығының әдіскері Надежда Досқалиева ҚР-дағы балалар-жасөспірімдердің туризм жүйесін дамытудың 2015-2018 жылдарға арналған тұжырымдамалық негіздерін іске асыруда ішкі туризмді дамыту»,  Тасқала аудандық жас туристер стансасының әдіскері Қуаныш Қалиев «Балалар мен жасөспірімдер туризмінің туристік-өлкетану қызметіндегі рөлі» тақырыптарында баяндамалар жасады.  Басқосуда  аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мұрат Ғазезов сөз сөйлеп, демалыс пен білім беруді  қатар жүргізіп келе жатқан әріптестеріне  жаңа оқу жылын жаңа әзірліктермен,  тың серпінмен қарсылауда  сәттілік тіледі.

Ауданға келген меймандар бұдан соң аудандық мәдениет және демалыс саябағында ұйымдастырылған шеберлік сыныптарын тамашалады. Мұнда үйірме жетекшілері «Велосипед туризмі техникасының фигуралық жүру тәртібі», «Жаяу туризм техникасының аспалы өткелдерді меңгерудегі әдіс-тәсілдері», «Лабиринт» спорттық бағдарлау қашықтығын меңгерту», «Шыңға өрмелеу» техникасын үйретуде тактикалық тәсілдерді қолдану» сияқты іс бағдарламаларды іс жүзінде көрсетті. Туристік-өлкетану бағыты бойынша секция жұмыстары  Т.Жароков атындағы мектептің акт залында қорытындыланып, пікір алмасулар оздырылып, ұсынбалар қабылданды.

                                                                                      Н.Өтей

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале