21.07.2016, 18:22
Оқылды: 43

Балалар қараусыз қалмасын!

11(12)Жаз  мезгілінде, әсіресе, балаларды  үйде ұстап отыру қиынның-қиыны. Қыс бойы сабақ оқып, әрі  компьютерден  көз алмаған балалардың таза ауада ойнағаны, суға шомылып, көк шөпте аунап-қунағандары, денсаулықтарының  шымыр болғандары   ата-аналары үшін, әрине, жақсы. Десек те,  кешке қарай  балаларын  түгендеуді ұмытып кететін ата-аналар да бізде  баршылық екен. Оны аудандық ішкі  істер бөлімінің мәліметтерінен көріп, байқағандық. Нақтырақ айтсақ,  осы жылдың алты айында   кешқұрым, үлкендердің қарауынсыз жүрген  балалар мен жасөспірімдер үшін ата-аналарға   ҚР  әкімшілік құқықбұзушылық  туралы Кодексінің  444-бабы 2-ші тармағы бойынша 15 хаттама  толтырылған.  Осындай құқықбұзушылық  фактілері  өткен жылмен салыстырғанда  биыл 65  пайызды құрап отыр.

Қалай десек те, малды да қараусыз қалдыруға болмайтын  бүгінгі уақытта  өмірдің гүлі – балаларды және жасөспірімдерді  сәл де болса көзден таса қалдыру  үлкен қателік дер едім. Балалар амандығына ештеңе жетпесі анық. Жауапкершілікті  ұмытпаған жөн, ағайын!

Айсұлу  АРЫСТАНОВА

Шыңғырлау ауданы

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале